"Фантастика". Димаш Құдайберген жаңа стильдегі әнімен жанкүйерлерін таңғалдырды

Танымал әнші Димаш Құдайберген репертуарын өзгертіп, жанкүйерлерін таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ол түрік диджейі Бурак Йетермен бірге жаңа трек жазған. Бұл жолы әнші тыңдаушыларын лирикалық композициямен емес, клуб стиліндегі әнмен қуантты.

"Бурак Иетермен бірге "Weekend" атты жаңа әніміз Еуропада тарап жатыр. Жақында барлық музыкалық платформада пайда болады", - деп жазды әнші әлеуметтік желіде.

Желі қолданушылары бұл трек жаздың жаңа хиті болатынын айтқан.

""Қандай керемет жаңалық. Бұл әнді асыға күтеміз!", "Керемет трек! Біз күтеміз", "Керемет жаңалық!", "Димаш, бұл жаңа деңгей! Сіздің әндеріңізді бүкіл әлемде тыңдаймыз!", "Фантастика", - деп жазды олар. 

Айта кетейік, Бурак Йетер - голланд-түрік музыкалық продюсері және диджей. Ол "Tuesday" әнімен танымал.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!