Атырау облысында кәріз құдығынан екі жұмысшы өлі табылды

Атырау облысында кәріз құдығында екі жұмысшы қаза тапты. Олардың мәйітін ауыл тұрғыны құдықтан тауып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой городқа" сілтеме жасап.

Кеше, 13 шілде күні таңертең Жылыой ауданы, Жаңа Қаратон аумағында "Жылыой су" ЖШС екі жұмысшысының мәйіті табылды. Жантүршігерлік жайт туралы жергілікті тұрғын хабарлады.

"Бүгін Жылой ауданында жөндеу жұмыстары кезінде "Жылыой су" кәсіпорнының екі жұмысшысы кәріз құдығына түсіп қаза тапты. Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін еңбек инспекциясы тарапынан арнайы комиссия құрылды. Жұмысшылардың құдыққа құлап кеткені туралы хабарлама сағат 09:42-де түскен. Тереңдігі 7-8 метр болатын кәріз құдығында жөндеу жұмыстары кезінде екі жұмысшының қаза тапқаны анықталды", - деп хабарлады компания әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ал облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нариман Өтешовтың айтуынша, бастапқыда бұл жұмыстарды бес адамнан тұратын бригада жүргізуге тиіс болған.

Компания қаза болған жұмысшылардың отбасына көмектесетінін айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!