Ақтауда полицейлер суға батып бара жатқан адамды құтқарып қалды

Ақтауда полицейлер суға батып бара жатқан адамды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтау полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны қызмет инспекторлары Мағжан Орынбаев пен қатардағы полицей Нұрхат Нұқатов "Жартас" бекетінде әдеттегідей қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қадағалау мақсатында қызметте болған. Оқиға 12 шілде күні сағат 14:00 шамасында болды.

Полиция қызметкері Мағжан Орынбаев бейнебақылау камерасы арқылы 4А шағын аудандағы теңізде суға батып бара жатқан адамды байқап қалған. Еш ойланбастан, полиция қызметкерлері бірден сол жерге барады. Тәртіп сақшылары теңізге жақын жерде жатқан бөденені ер азаматқа қарай жіберіп, судан шығарып алды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!