Көкшетауда екі күннен бері қоқыс өртеніп жатыр

Көкшетауда екі күннен бері қоқыс өртеніп жатыр
Фото: Massaget.kz

Көкшетауда екі күннен бері заңсыз қоқыс полигонында тұтанған өрт әлі сөнген жоқ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өртсөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдар полигон басында кешегі күннен бері түні бойы тоқтамастан өрт сөндірген.

Төтенше жағдай қызметі өкілдерінің мәліметінше, қазір өрт басында жеке құрамның 35 сарбазы мен 6 өрт сөндіру техникасы, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың 22 техникасы мен 30 адам жұмылдырылған. 

"Қазір тұрмыстық қалдықтар полигонында тұтанған өртпен күрес тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Өрт сөндіруге тартылған жеке құрам ауысыммен қызмет етіп жатыр. Өрт кеңейіп кетуін болдырмау үшін айналасына инертті материалдар төселіп жатыр. Өрт болып жатқан қоқыс полигонында жұмыстарды үйлестіру үшін жедел штаб құрылды", - дейді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері. 

Абзал Алпысбайұлы

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек