ІІМ: Шүменов 5 жылға сотталуы мүмкін

ІІМ қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты оқиғаны тергеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство өкілі 18 маусымда Астанада Mega Silkway сауда орталығындағы кафенің бірінде қоғамдық тәртіп бұзылып, қонақтардың бірі екіншісін ұрғанын мәлімдеді.

"Қазір осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша соталды тергеу басталды, ол бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді. Ішкі істер органдары барлық қажет тергеу-жедел іс-шараларын жүргізеді, олардың нәтижелері бойынша құқықтық баға беріледі", - делінген ІІМ хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Астанадағы ірі сауда және ойын-сауық орталығының фудкортында төбелес болып, қолында кішкентай баласы бар адамға екінші ер адам шабуыл жасағаны хабарланған еді. Telegram-арналардың бірінің мәліметінше, төбелеске қатысушылардың бірі - қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов.

Кейінірек полиция осы жағдайға қатысты пікір білдірді. Ал ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сұнтаев Астанадағы кафеде ер адаммен төбелескен адам боксшы Бейбіт Шүменов екенін растады. 

Жары - америкалық. Бейбіт Шүменов туралы не белгілі?

Кейін боксшы Бейбіт Шүменов өз әрекетін түсіндірді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!