50 миллионның көлігі, 7 миллионның сырғасы. Блогерлер қымбат заттарға ақшаны қайдан алады?

50 миллионның көлігі, 7 миллионның сырғасы. Блогерлер қымбат заттарға ақшаны қайдан алады?

Бүгінде блогерлердің өмірі көпке қызық. Оны блогерлерге жазылған адам санынан-ақ байқауға болады. Танымал блогерлер бірде өзіне қымбат көлік, бірде ата-анасына үй алып, эмоция сыйлап жатады. Алайда Желі қолданушылары олар ақшаны қайдан тауып жатады деп бас қатырады. 

50 миллион теңгенің көлігі

Жақында блогер, кәсіпкер Дархан Жолшыбеков әйелі блогер Дариғаға 50 миллион теңгенің автокөлігін сыйға тартты. Дарханның әйеліне мұндай сыйлық жасауының ерекше тарихы бар екен. 

"Екеуіміз әлі үйленбеген, енді танысып жүрген кезіміз еді. Әңгімеден әңгіме шығып, "сен қандай көлікті армандайсың" деп сұрадым. Ол "үсті ашылатын кабриолетпен шарфымды орап алып, Әл-Фарабиде шарфым ұшып кетіп бара жатады" деген еді. Сол кезде "Екі бала туып берсең алып беремін" деген едім. Ол кезде ондай ақша тұрмақ сол көліктің бір дөңгелегі жоқ еді. Отбасым үшін жұмыс істеп жүрмін ғой. Алла сол ниетіме "мә саған" деп беріп тұрғанына шүкіршілік етіп тұрмын", - дейді блогер. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Darhan Zholshybekov (@darhanzholshybekov)

Дархан журналист, кәсіпкер Бейбіт Әлібековке берген сұхбатында табысты қалай тауып жүргенін айтқан болатын. 

"Кішігірім кәсіппен, саудамен айналысып, үй алып-сатамыз. Сондай дүниелермен, шүкір жинап-жинап алдық (үйін-еск)", - дейді блогер. 

Әсел Сәдуақасованың 15 мың долларлық сырғасы 

4 шілдеде әнші, актриса Әсел Сәдуақасованың сырға салу рәсімі өткен болатын. Актрисаның Желіге жүктеген видеосынан қалыңдықтың қолынан екі жеңгесі демеп, құдағилардың алдына апарғанын көруге болады. Салт-дәстүрге сай күйеу жігіттің туыстары қалыңдықтың құлағына сырға салған. 

Әсел Сәдуақасова оқырманына сырғасын да көрсетіп үлгерді. Ашық дереккөз мәліметтеріне сүйенсек, үлкен гауһар тастары бар сырғаның нарықтағы құны 15,500 доллар, яғни 7 миллион теңге. 

Айта кетейік, Әсел Сәдуақасованың күйеуі Мағжан Тілеуханов инфокәсіппен айналысады. Ал Әсел Сәдуақасова өнерден бөлек кейінгі кездері курс өткізіп көзге түскен. Мысалы, ол 12 наурызда әйелдерге арналған курсы "Исцеление души" деп аталатын курс басталатынын жария еткен болатын. Ресми сайттарында курс негізінен ата-анамен, ер адаммен қарым-қатынасты қалай құруға болатыны жазылған. 

Курс арзан емес: екі пакет қарастырылған - 195 мың теңгелік Premium және 1 миллион 945 мың теңгелік VIP пакет. Premium пакетінің бастапқы бағасы 395 мың теңге екен.  

Танымал блогердің екінші пәтері

Жақында танымал Instagram-блогер Мадина Мамадалиева екінші пәтерін сатып алды. 


Фото: instagram.com/_m_a_d_l_e_n

"Менің ағылшын стилінде жаңа пәтерім. Екінші пәтерімді сатып алдым! Құттықтай берсеңіздер болады", - деп сүйіншіледі блогер. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Madina Mamadalieva (@_m_a_d_l_e_n)

Айта кетейік, блогер баспана сатып алған тұрғын үй кешені - премиум кластағы үшқабатты үйлер. Қаланың экологиялық таза ауданында орналасқан. Мадина табысын жарнама жасап, кейде гив өткізу арқылы табатынын жасырмай айтып жүреді. 

Байзақовтың қымбат көлігі 

Блогер Әлихан Байзақов ғашығын сатып алған. Жоқ, әңгіме адам жайлы емес, көлік туралы болмақ. Байзақовтың айтуынша, ол Дубайда айдап көрген көлікке ғашық болып, оны елге келгенде сатып алған. 

"Байзақовтардың гаражына +1 жыртқыш. Дубайда айдап ғашық болып, Алматыға келгенде сатып алдым. Көрімдік күтемін", - деді Әлихан. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dance With the devil (@baizaakov)

Әлихан Байзақов әлеуметтік желіде жарнама жасап тұрады. Оның Instagram-парақшасында 1,1 миллион оқырманы бар. 

Алдын ала тапсырыспен алынған көлік 

Белгілі блогер Әлия Байтугаева әзірге тек қана алдын ала тапсырыспен сатылатын Porsche Taycan 4S автокөлігінің иесі атанды. Оның сөзінше, осылайша арманын орындаған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алия Байтугаева (@super.mamasita)

Әлия тек Қазақстан емес, ТМД елдерінде де танымал блогер. Сондықтан жарнама берушілер де ТМД елдерінен келіп тұруы әбден мүмкін. Блогер парақшасында жарнама жасап, арасында курс өткізіп табыс табады. Оның әйелдерге арналған клубы (командасы) да бар. 

Еске салайық, 10 шілдеде Прездент Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңға қол қойған болатын. Енді Қазақстанда осы бағыттағы жұмыстар заңмен реттелетін болады.

Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін онлайн-платформалармен байланысты қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында онлайн-жарнаманы жасау, орналастыру, тарату және сақтау процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

Заңның мақсаты - онлайн-платформалардың жұмыс істеуінің, сондай-ақ онлайн-жарнаманы жасаудың, орналастырудың, таратудың және сақтаудың, құқыққа қайшы контентті болғызбаудың және оның жолын кесудің құқықтық негіздерін айқындау.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина