Бағасы бір адамға - 2 миллиондай. Әсел Сәдуақасова әйелдерге арналған курс өткізбек

Бағасы бір адамға - 2 миллиондай. Әсел Сәдуақасова әйелдерге арналған курс өткізбек

Танымал актриса Әсел Сәдуақасова миллион теңгеге курс өткізбек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Instagram-парақшасында жариялады. 

Актрисаның әйелдерге арналған курсы "Исцеление души" деп аталады. Ол 12 наурызда басталады. Сайтта курс негізінен ата-анамен, ер адаммен қарым-қатынасты қалай құруға болатыны жазылған. 

Курста екі пакет қарастырылған: 195 мың теңгелік Premium және 1 миллион 945 мың теңгелік VIP пакет. Premium пакетінің бастапқы бағасы 395 мың теңге екен. 

Екі пакеттің айырмашылығы көп. Мәселен 200 мың теңгелік пакетте:

  • Әсел Сәдуақасовамен 7 тікелей эфир;
  • Әр тақырып бойынша жаттығу және үй тапсырмасы;
  • PDF форматындағы әр сабақтан ақпарат;
  • Әсел Сәдуақасова кез келген сұраққа жауап беретін Telegram-арнасы;
  • Бақылау парақтары және материалдар;
  • Топтық чат;
  • Өзіңізді тану үшін медитация бар. 

Ал 2 миллион теңгелік пакетте бұдан басқа мынадай ерекшеліктер бар:

  • "Әсел арманыңды орындайды" байқауына қатысу мүмкіндігі;
  • Әсел Сәдуақасовамен 1 топтық пікірталас;
  • Әсел Сәдуақасовамен 1 жеке талдау;
  • Өткен эпизодтардың жазбасы;
  • Әсел Сәдуақасовамен Telegram-чат;
  • Сарапшылардың жеке ұсыныстары;
  • Әсел Сәдуақасованың мантралар жинағы.

Курстың сату мамандары VIP пакетінің бағасы 1 миллион 945 мың теңге екенін растады. Алайда олардың айтуынша, Әсел Сәдуақасовамен кездесу тек онлайн болады, себебі актриса қазір Балиде екен. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек