Морган "Титаникті" беделді кәсіпкерлерден құтылу үшін батырғаны рас па?

Морган "Титаникті" беделді кәсіпкерлерден құтылу үшін батырғаны рас па?
Фото: wikipedia.org

Желіде Титаниктің апатқа ұшырауы кездейсоқтық емес деген теория талқыланып жатыр. Болжам бойынша, АҚШ-тың Федералды резервін құруға қарсы болған беделді кәсіпкерлерді жинап, кемені суға батыру о бастағы мақсат болған. Алайда мұның бәрі жалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл - 2018 жылы пайда болған ескі қастандық теориясы. Оның авторлары - бұдан ірі QAnon қастандық теориясын жақтаушылар.

Титаникті қасақана суға батырғаны туралы болжам мынаған негізделген: кеме бортында оның алғашқы және соңғы рейсінде сол кездегі өте ықпалды үш кәсіпкер болған: Джон Астер, Исадор Штраус және Бенджамин Гуггенхайм. Олар АҚШ-тың Федералды резервін құруға қарсылық танытқан, олардың дауысы қор құруға кедергі келтіруі мүмкін еді. Бұл жағдайды болдырмау үшін Титаникті құраушы Джон Пьерпонт Морган оларды кемеге шақырып, экипажға кемені айсбергтерге қарай бағыттауды бұйырған. Бұл ретте Морган кеме жолға шықпай жатып, бірнеше сағат бұрын саяхатынан бас тартқан.

Жағдай мүлде бұлай болмады. 

Біріншіден, Штраустың Федералды резерв құруға ешқашан қарсы болмағанын, керісінше бұл бастаманы қолдағанын дәлелдейтін құжаттар бар. Астер мен Гуггенхайм бұл мәселе бойынша өз пікірлерін мүлдем білдірмеген. 

Екіншіден, Дж.П.Морган "Титаник" рейсі кезінде Францияда болған және кемемен жүзу жоспарында болмаған. 

Үшіншіден, тарихшы сарапшылар "Титаниктің" апатқа ұшырауы кездейсоқтық болды деген ортақ пікірде. Сарапшылардың айтуынша, кеменің апатқа ұшырауына экипажының айналаның анық көрінуі жоғары жылдамдықпен қауіпсіз саяхаттауға мүмкіндік береді деген сенімі себеп болған болды. Алайда тынық айсыз түнде алда жылжып бара жатқан айсберг байқалмады. Нәтижесінде апат болды.

Олай болса, таралған теория тарихи деректерге қайшы келеді және жалған. Титаниктің апатқа ұшырауы - үш кәсіпкерге қастандық жасау әрекеті емес, қайғылы оқиға.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек