"Бақа, доллар ағашы және қызыл әмиян". Үйге ақша шақыратын ырымдар

"Бақа, доллар ағашы және қызыл әмиян". Үйге ақша шақыратын ырымдар
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақ - ырымшыл халықтың бірі. Халық арасында кең тараған ақша шақыратын сенімдерді ұсынамыз.

1. Үйде ысқырмау. Үйде ысқырсаңыз, ақша болмайды деп айтады. Бұған дейін қазақта бұл сенімнің қалай пайда болғанын жазған болатынбыз.

2. Табалдырықтан ақша бермеу. Алдымен табалдырықтан аттап өтіп, үйге кіріңіз, содан соң ақшаны беріңіз. Егер сізге біреу ақша бергісі келсе, алдымен үйге кіруін сұраңыз.

3. Ақшаны қолға бермеу. Ақшаны адамның қолына беру сәтсіздік әкеледі деп саналады. Сондықтан ақшаны қандай да бір заттың үстіне қойыңыз.

4. Үйге ақша шақыратын бақа қою. Бақа үйдегі есіктерге және терезелерге қарап тұрмағаны жақсы. Егер үйде аквариум болса, оны соның ішіне салып қойған дұрыс.

5. Үйге ақша шақыратын бөлме гүлдерін алу. Мысалы: доллар ағашы, қызыл қазтамақ, бамбук, жасаңшөп. Оларға күтім жасауды ұмытпаңыз.

6. Бөлмеде өрмекші жүргенін байқасаңыз, оның көзін құртуға асықпаңыз. Жәндіктің пайда болуы ақшалай кірісті білдіреді.

7. Ақша ретсіздікті жақсы көрмейді. Сондықтан оны әмиянда ұқыпты жинап ұстау керек.

8. Күн батқаннан кейін ақша санауға, біреуден алуға және беруге болмайды. Әйтпесе, кірер табысыңыз азаяды.

9. Молшылыққа және сәттілікке жолды жауып тастамас үшін үйдегі әйнектерді, яғни, терезелер мен айналарды сүртіп тұру маңызды.

10. Ақшаны жалақы түскен күні құртпау. Не үшін ақшаны түскен күні жұмсауға болмайтынын мына жерден оқи аласыз.

11. Сыпыртқыны басын жоғары қаратып, үйдің бұрышына қойған дұрыс. Сол кезде сіздің шаңырағыңызға кедейлік жоламайды.

12. Достарыңызға және жақындарыңызға бос әмиян сыйламау.

13. Байлық пен сәттілік символы ретінде әмияныңызға сирек кездесетін монета немесе доллар купюрасын салып жүру.

14. "Нан қиқымын жесең, бай боласың" дегенді естіген боларсыз. Мұның астарында байлықтан бұрын, халқымыздың "ас атасы – нанға" деген құрметі жатыр.

15. Біреудің ақшасын санамаңыз. Егер біреудің байлығы мен табысын есептеп, әңгіме қылсаңыз, онда өз әмияныңызда ақша көбеймейді.

16. Түнде  үйден қоқыс шығармау.

17. Алақан қышыса, жақында ақша түсетінін білдіреді.

18. Қызыл түсті әмиян ақша шақырады.

19. Дастарханды қағаз майлықпен немесе алақанмен сүртуге болмайды.

Өзіңізге ақша қимайсыз ба? Оның мүмкін 5 себебі

А. Жапатова