Досаев алматылықтардан кешірім сұрады

Досаев алматылықтардан кешірім сұрады
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Әл-Фараби мен Абай даңғылындағы жөндеу жұмысы неліктен бір уақытта басталғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін қала әкімі Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу ұйымдастырып, сұрақтарына жауап беріп жатыр. 

"Неліктен ең негізгі көшелер - Әл-Фараби мен Абай даңғылы бір уақытта жабылды? Неліктен айналып өтетін, қосымша жолдар қарастырылмаған? Жұмыстарды қашан аяқтау ойларыңызда бар?", - деп сұрады тұрғын. 

Қала әкімі ең алдымен ыңғайсыздық тудырғаны үшін өзі және әкімдіктің атынан кешірім сұрады.  

"Өкінішке қарай, мегаполис дамуына қатысты сұрақтар көлік инфрақұрылымының дамуына байланысты. Неліктен биыл екі магистральді көшеден бастадық? Әл-Фараби даңғылындағы жолға 2010 жылдан бері, ал Абай даңғылында 2012 жылдан бері жөндеу жүргізілмеген. Әдетте жөндеу жұмысының аралығы 5-7 жыл. Әл-Фараби даңғылында 2 жөндеу аралық мерзімді өткізіп алдық. Мамандардың сөзінше, биыл жол жөнделмесе қыста қиын болады: жол шұңқырға айналады. Жабынның сынуы мен бірнеше жарықтардың салдарынан ішінара жөндеу мүмкін болмады, тек толық жөндеу жұмыстары қажет болды", - дейді Досаев кездесуде. 

Ол осы даңғылдардағы жөндеу жұмыстары кезінде айналма жолдардың болмауына да тоқталды.

"Ескертулерімізді ескеріп, айналма жолмен жүріп, көмектескен барлық басқа тұрғындарға алғысымды білдіремін, бұл да үлкен атсалысу, қазіргі жағдайды түсінгені үшін шын жүректен алғыс айтамын.

Бүгінде негізгі көлік кептелісі Әл-Фараби – Жароков көшелерінде басталды. Егер сізбен мен жүретін жол инфрақұрылымына қарасаңыз, онда Дулати көшесінде апаттық жолдар жоқ және біз кері қозғалыс жасай алмаймыз. Розыбакиев пен Жароков көшелерінде жол айрығы қарсы жолақта қозғалысты дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік бермейді. Сондықтан кеше алғашқы мүмкіндік түскен бойда біз Сырғабековтен Есентай көпіріне дейінгі кері қозғалысты ашып, негізгі жүктемені алып тастадық. Біз әл-Фарабидің оңтүстік жағын жөндеу кезінде сабақ алдық және осы тәжірибені солтүстік бөлігінде де ескеретін боламыз", - деді Алматы әкімі.

Сондай-ақ Ерболат Досаев Әл-Фараби мен Абай даңғылдарындағы көлік қозғалысын сағат сайын жеке өз бақылауында ұстайтынын мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін қала әкімдігі Алматыдағы Есентай арқылы өтетін көпір сегіз жолаққа дейін кеңейтілетінін айтқан болатын. Алматыда Әл-Фараби даңғылы бойындағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірдің апатты жағдайына байланысты реконструкциялау жалғасып жатыр. Сондай-ақ, осы учаскеде полимерлі асфальтбетон төселуде, бұл жол жабынына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан басқа магистральды көшелердегідей қабыршақтар мен ойықтарды болдырмайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина