Жолаушы такси жүргізушісін 14 рет пышақтап өлтірген

Жолаушы такси жүргізушісін 14 рет пышақтап өлтірген
Фото: ptzgovorit.ru

Қырғызстанда Новопавловка ауылында жолаушы такси жүргізушісіне шабуыл жасаған. Бұл туралы 24.kg агенттігіне Шу облысының ішкі істер орталық басқармасы өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жолаушы Бішкекте таксиге тапсырыс берген. Новопавловкаға келген жүргізуші мен жолаушы ер адам жанжалдасып қалған.

"Жолаушы жол ақысын картамен төледі. Артынан төбелес шығып, жолаушы пышағын алып, жүргізушіге 14 рет пышақ жарақат салған. Күдікті ұсталып, Сокулық облысының ІІД-не жеткізілді", - делінген хабарламада. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек