Рудныйда 8 жастағы бала ағаштан құлап, жансақтау бөліміне түсті

Рудныйда ағаштан құлап, басынан ауыр жарақат алған 8 жасар бала жасанды тыныс алу аппаратында жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Рудный қалалық көпсалалы ауруханасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 шілде күні кешке жансақтау бөліміне 2015 жылы туған бала түскен. Ол ағаштан құлаған.

"Оған ашық бассүйек-ми зақымы, бас сүйегінің сынуы, ауыр дәрежедегі ми зақымы диагнозы қойылды. Қазір бала жасанды тыныс алу аппаратында жатыр", - делінген хабарламада.

Аурухананың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 12 шілде сағат 15:00-дегі жағдай бойынша баланың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр.

"Қазіргі уақытта бала санитарлық авиация желісі арқылы Қостанай облыстық балалар ауруханасына жеткізіледі", - дейді Рудный қалалық көпсалалы аурухана мамандары.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!