Рудныйда есірткі қойып кетумен айналысқан 23 жастағы тұрғын ұсталды

Қостанай облысының полицейлері есірткі қойып кетушіні ірі партиямен ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қарасора-2023" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Рудный қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Ол есірткіні жасырын қойып кету арқылы таратқан. Күдіктіден "PvP" есірткісінің 96 байламы тәркіленді.

Сондай-ақ гаражды тексеру кезінде тағы 65 синтетикалық есірткі тәркіленді. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 50 грамнан асады. Ол 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қойып кетуші есірткіні Telegram канал арқылы таратып, Рудныйға ғана емес, Лисаковск қаласына да қойып кетіп отырған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!