Министр Қуантыров інісінің ұлттық компанияға тағайындалуына көмектесті ме?

Министр Қуантыров інісінің ұлттық компанияға тағайындалуына көмектесті ме?
Фото: Ермек Қуантыров Тengrinews.kz. Әлібек Қуантыров t.me/KZgovernment

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет кулуарында інісі Ермек Қуантыровтың "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының құқықтық сүйемелдеу және сатып алу жөніндегі бас директоры қызметіне тағайындалуы туралы жаңалыққа пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкімет кулуарында журналистердің сауалдарына жауап берген Қуантыров ағасының тағайындалуына еш қатысы жоғын айтты. 

"Менің бұған еш қатысым жоқ. Ол тағайындаудың заңды рәсімдерінен өтті. Ол Колумбия университетіндегі ең жақсы заң мектептерінің бірі жетекші университеттің бірін бітірген. Ол - Президенттік жастар кадрлық ұйымының мүшесі. Резервке түсу оңай емес, іріктеудің күрделі процедурасы бар. Оның халықаралық құқық саласында, сот органдарында тәжірибесі бар, онда 13 жыл жұмыс істеді. Құқықтық мәселелерге жауапты, критерийлерге сәйкес келеді, заңды түрде өтті", - деп жауап берді ұлттық экономика министрі.

Сондай-ақ, журналистер министрден ағасына сұхбаттан қалай өту керегін айтты ма деп сұрады.

"Ол - менің інім, бала кезімнен дұрыс тәрбие, мінез-құлық, тағы басқаларға қатысты біраз ақыл-кеңес айтып келемін", – деп жауап берді.

Еске салайық, бұған дейін Massaget.kz тілшісі шенді қызметте жүрген ағайындылар кімдер екеніне шолу жасаған еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек