Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы қозғалыс жартылай ашылады

Алматыда осы аптадағы орташа жөндеуден өтетін жолдар туралы айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы мобильділік басқармасы жолды жөндеу жұмыстарының барысы туралы хабарлады.

Жароков көшесінен Жақсылық Үшкемпіров көшесіне дейін Әл-Фараби даңғылының бойында қозғалыс ашылады. Әл-Фараби және Абай даңғылдары бойынша бірқатар учаскеде қозғалыс уақытша шектеледі.

"13 шілде сағат 06:00-ден бастап Жароков көшесінен Жақсылық Үшкемпіров көшесіне дейінгі аумақта Әл-Фараби даңғылының бойымен қозғалыс ашылады, онда полимерасфальтбетонды пайдалана отырып, орташа жөндеу жұмыстары аяқталады. Жаңа технология жолдардың қызмет ету мерзімін ұзартып, жолдың сызат түсуіне деген төзімділікті арттырады", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Абай даңғылындағы Достық даңғылынан Назарбаев даңғылына дейінгі, Тілендиевтен Розыбақиевке дейінгі, Әл-Фараби даңғылындағы Торайғыров көшесіндегі жол айрығынан Жароков көшесіне дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстары аяқталған болатын. Жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!