Түркістанда қауіпті жұқпалы аурудан жасөспірім қайтыс болды

Түркістанда қауіпті жұқпалы аурудан жасөспірім қайтыс болды
Фото: Tengrinews.kz

Түркістан облысында 9 адамнан Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы анықталды. Ал Сауран ауданында дәл осы дерттен 1 жасөспірім қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Науқас бастапқыда өзінің неден ауырғанын білмей, ауруханаға кеш жеткізілген. Нәтижесінде дәрігерлер баланы аман алып қалудың бар амалын жасағанымен оны құтқару мүмкін болмады.

Сонымен қатар аймақта 1000-ға тарта тұрғынды кене шағып, ауруханаға жүгінген.

Оның ішінде 48 азаматтан аталған ауру белгілері байқалып, сынама алынған. Аты жаман ауру бойынша күдікке ілінген азаматтар 14 күн бойы медициналық бақылауда болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан