"Иіс шыққан". Екібастұзда ер адам пәтерінен өлі табылды

"Иіс шыққан". Екібастұзда ер адам пәтерінен өлі табылды
Фото: pavlodarnews.kz

Екібастұзда ер адам пәтерінен өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға 10 шілдеде болған.

"Кешкі сағат 20:04-те 112 пультіне пәтерден шіріген иіс шығып жатқаны туралы хабарлама түскен. Бөлімше инспекторы оқиға орнына келген. Құтқарушылар, учаскелік инспектор мен туыстарымен бірге екінші қабаттың балконына баспалдақ қою арқылы пәтерге кірген. Сыртқы есікті іштен ашуға тура келді", - деп жазылған хабарламада.

Құтқарушылар мен туыстары пәтерден ер адамның мәйітін көрген. Бұл оқиғаға қатысты полиция түсінік бермеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек