"Үш ұйықтасам түсіме кірмеді". Әли Оқапов анасы Роза Рымбаеваға ерекше сыйлық жасады

Әнші Әли Оқапов анасына су жаңа көлік сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстанның Халық әртісі Роза Қуанышқызы Рымбаева өзінің instagram-парақшасына ұлының көлік сыйлағанын айтып, оқырмандарынан сүйінші сұрады. Көліктің нарықтағы құны - 21 миллион.

"Бүгін таңертең "балаларым маған тосын сый әзірлеп жатыр" деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмеді. Әли халыққа қызмет көрсету орталығына барамыз деп, мені үйден алып кетті. Содан мені автокөлік орталығына алып келіп, жаңа көлігімді көрсетті. Дегенмен көліктің құжаттарымен біз ХҚКО бардық. Сыйлығың үшін көп рақмет! Бұл жыл бақытты сәттерге толы болды. Биыл әже атандым және балаларым маған су жаңа көлік алып берді", – деп жазды Қазақстанның Халық әртісі.

Әли де өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында анасына сыйлық дайындап қойғанын айтқан болатын.

©фотоскрин/instagram.com/aliokapov

Желі қолданушылары өнер иесін құттықтап пікір қалдырды. 

"Құтты болсын", "Мәә, күшті", "Роза Қуанышқызы көлік астыңызда тозсын", "Ұл болса осындай-ақ, болсын", "Көлігіңіз жүйткіген болсын", "Құтты болсын, астыңызда тозсын", - деп жазды олар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!