Астанада жүргізуші LRT-ға соғылып қаза тапты: жаңа дерек айтылды

Астанада жүргізуші LRT-ға соғылып қаза тапты: жаңа дерек айтылды
Фото: instagram.com/kris.p.original

LRT бетон бағанасына соқтығысқан көлік жүргізушісі мас болмаған. Бұл туралы Астана қаласы Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Елжан Чупеков айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар" телеарнасына сілтеме жасап.

"Тексерудің алғашқы қорытындысы жүргізушінің мас болмағанын көрсетті. "Сергек" бейнебақылау камераларынан көпірге көтерілу кезінде Жусан банкіне қарама-қарсы сағатына 66 шақырым жылдамдықпен жүрген, яғни жылдамдықты сәл асырған. Соқтығыс уақыты, жылдамдық зерттеліп жатыр. Бір жүргізуші қаза болды. Сараптамаларға сәйкес, ол мас болмаған. Жол апаты қалай болғаны түсініксіз", - деді Чупеков "Жеті күн" бағдарламасында.

Еске салайық, Астанада 29 маусымда сағат 06:04 шамасында Сығанақ көшесімен Қалдаяқов көшесіне қарай келе жатқан Chevrolet Malibu көлігінің жүргізушісі Арыс көпірінде LRT автоколоннасына қатты жылдамдықпен соғылған. Оқиға салдарынан 43 жастағы жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек