"Қыз күткені көрініп тұр". Танымал блогер ерекше стильде гендер пати ұйымдастырды

"Қыз күткені көрініп тұр". Танымал блогер ерекше стильде гендер пати ұйымдастырды
Фото: instagram.com/bayzakova

Танымал блогер Айжан Байзақова ерекше стильде гендер пати ұйымдастырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол өзінің instagram парақшасына жариялады. Кадрда туыстары мен жақын достарын жинап гендер пати өткізген блогердің екінші сәбиі ұл екені белгілі болды. 

"Меніңше, футбол құрамасы жасақталатын сияқты", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dance With The Devil (@bayzakova)

Желі қолданушылары блогерді қолдап түрлі пікір қалдырды.

"Құтты болсын", "Оқырмандарыңызды бір қуантып қойдыңыз", "Қыз күткені көзінен көрініп тұр", "Кішкене тәкір болып қалыпсың ғой", "Кім болатынын бірден көрсеткендеріңізге рақмет", - деп жазды олар.

Айта кетейік, блогер Айжан Байзакова өткен жылдың қараша айында тұрмысқа шыққан болатын. Сондай-ақ, блогердің некесіз тұңғыш Алан есімді ұлы бар екенін естеріңізге саламыз. Бұған дейін блогер қазіргі күйеуінің әйелімен жанжалдасып қалғанын жазған болатынбыз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы