Оралда жолаушылар автобусына ағаш құлап кетті

Оралда жолаушылар автобусына ағаш құлап кетті
Фото: mgorod.kz/Медет Медресов

Оралда жолаушылар автобусына ағаш құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

Оқиға Сарайшық көшесінде, №45 ғимараттың маңында болған. БҚО ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, 10 шілдеде сағат 13:45-те шақырту түскен. Оқиға орнына келген құтқарушылар құлаған ағашты алып тастаған.

mgorod.kz/Медет Медресов

Аймақ полиция департаменті автобус №2 маршрут бойынша жүргенін нақтылады. Ағаш автобус тоқтаған кезде құлаған. Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.

Айта кетейік, Оралда аптап пен қатты жел салдарынан ауа райына байланысты ескерту жарияланған болатын. Жел екпіні секундына 18 метрге жетеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова