Профессор Сайлау Байзақов қайтыс болды

Экономика ғылымның докторы, профессор Сайлау Байзақов қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы оның немересі Наурыз Байзақов Facebook-парақшасында жазды. 

Құрметті достар, бүгін менің сүйікті Аташкам дүниеден озды", - деп жазған ол. 

Сайлау Байзақов 1937 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданы Қызбел ауылында туған. Ол - экономика ғылымның докторы, профессор.

1964-1976 жылдар аралығында - Экономикалық зерттеулер институтының компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.

1976-1985 жылдар аралығында - Экономикалық зерттеулер институты директорының орынбасары.

1986-1993 жылдар - Менеджмент ғылыми-зерттеу институтының директоры.

1994-1995 жылдар аралығында - Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Жоғарғы кеңесінің бас сарапшысы.

1996-1999 жылдар - Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру институтының директоры.

1999-2002 жылдар аралығында - Tacis EDKZ 9602 жобасының жергілікті кеңесшілерінің жетекшісі.

2003-2004 жылдар аралығында - Климаттың өзгеруін үйлестіру орталығының макроэкономикалық тобының жетекшісі.

2004-2008 жылдар аралығында - "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ ғылым жөніндегі вице-президенті.

2008-2010 жылдар аралығында - "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ ғылыми директоры.

2010 жылдан қазіргі уақытқа дейін "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ орталығының ғылыми жетекшісі - директоры.

150-ден аса жарияланымдары бар, оның ішінде нарықтық экономика, макроэкономикалық болжау, сауда саясатын талдау, 50-ден астам оқу материалдары.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!