Алматы облысында 10 жастағы қыз саусағын көлік пен тіркеме арасындағы темірге қысып алды

ТЖМ Республикалық жедел құтқару жасағының қызметкерлері 10 жасар қыздың қолын шығарып алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жазатайым оқиға 10 шілде күні түстен кейін Қарасай ауданындағы Көксай ауылында болған.

10 жастағы қыз абайсызда қолын көлік пен тіркеме арасындағы темір байланысқа қойған. Саусақ қысылып қалып, бірден ісе бастаған.

Уақытында жеткен ТЖМ құтқарушылары арнайы кескіш құралдардың көмегімен қыздың саусағын шығарып алды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!