Алматы әкімдігі Офицерлер үйін жөндеуге және плиткалардың алынып тасталуына қатысты түсінік берді

Алматыдағы Офицерлер үйін жөндеуге және плиткалардың алынып тасталғанына әкімдіктің ешқандай қатысы жоқ. Бұл туралы Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мен 28 гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябағының шығыс жағында орналасқан Офицерлер үйі ғимаратының алдындағы бөлшектелген плиткаларға қатысты әлеуметтік желілердегі видеоларға түсініктеме бергім келеді.  Айта кетерлігі, Алматы әкімдігі бұл ғимараттың теңгерім ұстаушысы емес, ол Қорғаныс министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымының меншігінде. Тіпті, әкімдік жүріп жатқан жұмыстарға тапсырыс беруші де емес", - деді Еркебұлан Оразалин.

Оның айтуынша, жөндеу жұмыстары аяқталған соң плиткаларды қайта орындарына қою жоспарланған.

"Оның жасыл аймаққа ұқыпсыз қойылуына байланысты бүгін мердігерлік ұйымға әкімшілік айыппұл салынды. Енді оны жаяу жүргіншілер бөлігіне мұқият ауыстырып, алдағы күндері оны төсеуге кіріседі. Барлық алматылықтарға айтарым, мұндай бейнеүндеулерді жарияламас бұрын, жүріп жатқан жұмыстар туралы шынайы ақпарат алу үшін әкімдікке хабарласуды өтінемін", - деді аудан әкімі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!