"Балқаштағы жарылысқа" қатысты әкімдік түсінік берді

"Балқаштағы жарылысқа" қатысты әкімдік түсінік берді

Әлеуметтік желілерде автомобиль жолындағы жарылыстың салдары көрсетілген видео тарады. Кадрлар Балқашта түсірілген деп жазылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Балқаш әкімдігі жарылыс туралы ақпаратты теріске шығарды.

"Балқашта да, оның маңында да жарылыс болған жоқ, қала тыныш", - деді Балқаш әкімінің баспасөз хатшысы Темірлан Игембай.

Видео авторы түсірген жарылыс – бұл жолды реконструкциялау аясындағы жоспарлы жұмыстар.

"Балқаш-Бурылбайтал" автожолының, лот-3, 1955-2005 шақырым бөлігін қайта құру учаскесінде жобаға сәйкес бұрғылау-жару жұмыстары жүргізілді. Бұл учаскеде жартасты топырақта қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деп түсіндірді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің баспасөз қызметі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан