Ұлттық экономика министрінің інісі "Қазатомөнеркәсіпке" директор болып тағайындалды

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың інісі Ермек Қуантыров "Қазатомөнеркәсіп" компаниясында лауазымды қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол 5 шілдеден бастап Қазатомөнеркәсіптің құқықтық сүйемелдеу және сатып алу жөніндегі бас директоры болды.

"Қуантыров мырзаның функционалдық міндеттеріне құқықтық қамтамасыз ету процесіне басшылық жасау, халықаралық-құқықтық ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік ету, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі қызметті ұйымдастыру, сондай-ақ, кешенді басқаруды жүзеге асыру және сатып алу процестері мен компанияның корпоративтік басқаруына басшылық жасау кіреді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ермек Қуантыров Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде әртүрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеген. Ол 1989 жылы дүниеге келген. Ермек Қуантыров - Ұлттық экономика басшысы Әлібек Қуантыровтың інісі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!