Балмұздақтан уланудың алдын алу жолдары: мамандар кеңес берді

Балмұздақтан уланудың алдын алу жолдары: мамандар кеңес берді
Фото: © elements.envato.com

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өкілдері қазақстандықтарға балмұздақ жеуге қатысты кеңестер ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жазда сұранысқа ие тәттіллердің бірі - балмұздақ, бірақ оны арнайы жағдайда сақтау қажет. Жалпы балмұздақ дайындау әдісіне қарай жұмсақ және қатты болып бөлінеді.

Жұмсақ балмұздақ 4-8 градус температурада фризердің көмегімен жасалады және оны дайындағаннан кейін бірден жеу керек, оны сақтауға болмайды.

Ал қатты балмұздақ өндірісте арнайы жабдықта (-18 градусжәне одан төмен) терең мұздату арқылы дайындалады, бұл ретте температура тасымалдау, сақтау және өткізу кезеңдерінде сақталуға тиіс.

Балмұздақты мұздатқышта сақтаған кезде оның тағамдық құндылығы мен дәмі уақыт өте келе өзгереді. Сақтау процесінде балмұздақ бөгде иісті оңай сіңіреді. 

Балмұздақтан уланып қалмау үшін мынаны есте ұстаған жөн:

  • Қайта мұздату белгілері - бастапқы пішінінің жоғалуы, су тамшылары немесе мұз кристалдарының көрінуі. Оны тұтынудан бас тартқан дұрыс;
  • Балмұздақ дұрыс сақталмаған кезде өзіне тән емес дәмге ие болады, глазурь ақ жабынмен жабылған және біркелкі емес консистенцияға ие болады;
  • Сауда желісінде балмұздақ сатып алғанда, камераның жай-күйіне де назар аударыңыз. Ол таза, бөтен өнімдер болмауы керек және иіссіз болуға тиіс.
  • Балмұздақтың жарамдылық мерзімі мынадай факторларға байланысты: түрі, дайындау технологиясы, орау әдісі, қаптама түрі, сақтау шарттары және ингредиенттері (бірнеше сағаттан 1,5 айға дейін). Сақтау ұзақтығына қаптаманың көлемі де әсер етеді, балмұздақдың орауы неғұрлым көп болса, сақтау және жарамдылық мерзімі де соғұрлым аз болады.
  • Қаптамада ауа көп болса, бұл - мерзімі өткен балмұздақтың белгісі.
  • Балмұздақты белгіленбеген сауда орындарынан және өлшеп сататын жерлерден сатып алудан бас тартыңыз. Сатушының медициналық кітапшасы мен өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттарының бар-жоғын сұраңыз;
  • Сатушылардың арнайы нысанды киімі және бас киімі болуға тиіс, олар бір рет қолданылатын қолғаптарды пайдалануы керек.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек