Шәкір Кейкін Атырау әкімі болып тағайындалды

Шәкір Кейкін Атырау әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкеновтің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Атырау әкімі лауазымына Шәкір Кейкінұлы Кейкін тағайындалды", - делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Шәкір Кейкін 1970 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ политехникалық институтын "тау-кен инженері" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1993 жылы Құлсары қаласында "Теңізмұнайкомплект" ЖШС-інде коммерциялық бөлімнің брокері қызметінен бастап, 1999 жылға дейін әртүрлі қызмет атқарған.

1999 - 2001 жылдар аралығында "РАМАКО" ЖШС-інде директордың коммерция жөніндегі орынбасары;

2001 - 2008 жылдар аралығында "Казстройсервис ЛТД" ЖШС-да директор;

2008 - 2008 жылдар аралығында Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округінің әкімі;

2008 - 2009 жылдар аралығында Жылыой ауданы Құлсары қаласы әкімінің орынбасары;

2009 - 2018 жылдар аралығында Жылыой ауданы Құлсары қаласының әкімі;

2018 - 2019 жылдар аралығында Атырау қаласы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы;

2019 - 2019 жылы Атырау қаласы әкімінің орынбасары;

2019 - 2022 жылдар аралығында Мақат ауданының әкімі;

2023 жылдан бастап тағайындалғанға дейін ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда департаментінің басшысы қызметінде болған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!