Атырау облысында өртті сөндіру үшін 200 тонна су шашылды

Атырау облысында өртті сөндіру үшін 200 тонна су шашылды
Фото: ТЖД

Атырау облысында өртті сөндіру үшін 200 тонна су шашылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mgorod.kz басылымына сілтеме жасап.

Өрт ауданы 690 гектарға дейін жеткен.

Айта кетейік, Атырауда үш күннен бері қамыс өртеніп жатыр. Ал синоптиктер аптап Атырауда бірнеше күнге жалғасатынын айтып жатыр.

"Аэровизуалды барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша қамыстың бықсуы анықталып отыр. Бүгін, 9 шілдеде ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-8 тікұшағының көмегімен 08:30 сағаттағы ақпарат бойынша 11 рет су төгу жұмыстары жүргізілді.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД күштері мен құралдары, "Ақжайық" МТР, "Казавиақұтқару" АҚ барлығы 97 адам, 15 техника, 4 мотопомпа жұмылдырылды", - деп түсінік берді  Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті өкілі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова