Бір күнде 8 егіз: Астана күні Қазақстанда 1000 сәби дүниеге келген

Бір күнде 8 егіз: Астана күні Қазақстанда 1000 сәби дүниеге келген
Фото: elements.envato.com

Елорда күні Қазақстанда 1000 бала дүниеге келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, оның 505-і қыз және 495-і ұл, оның ішінде 8 жұп - егіз.

Жаңа туған нәрестелердің саны бойынша Түркістан облысы рекордқа ие болды, онда бір тәулікте 146 сәби дүниеге келді. Бала туу көрсеткіші бойынша екінші орында Алматы тұр, мұнда 91 нәресте дүниеге келді, содан кейін тең нәтижелермен Алматы облысы мен Шымкент қаласы бар, олардың әрқайсында 76 сәбидің туған күніне орай мереке атап өтілді.

Бұл күні Ақтөбе облысы егіздер арасында көшбасшы болды, мұнда бірден екі егіз дүниеге келді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова