Алматының бірқатар шағынауданында уақытша суық су болмайды

Алматының бірқатар шағынауданында уақытша суық су болмайды
Фото: elements.envato.com

Алматының бірқатар шағынауданында уақытша суық су болмайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11 шілдеде сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін Әуезов ауданында Жетісу-2 шағынауданында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру тоқтатылады. 11 шілдеде сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін Бостандық ауданында Қожанов-Байқадамов-Гагарин-Тәжібаев көше шаршысында сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады. 12 шілде сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін Наурызбай ауданында Күлтөбе-Бердібай Мұзбалақ-Асқаров көшелері шаршысында су беру уақытша тоқтатылады.

13 шілдеде сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Әуезов ауданындағы Төле би- Саин-Үлкен Алматы өзені (Сайран көлі)-Жұбанов көшелері шаршысындағы тұрғын үй және әкімшілік ғимараттарға су беру тоқтатылады. 13 шілдеде сағат 9:00-ден 18: 00-ге дейін суық сумен жабдықтау Жетісу ауданы Көкжиек шағынауданында уақытша су болмайды.

Бұл қалалық секторлардағы тұтынушылардың суық судан уақытша ажыратылуы сумен жабдықтау желілері мен нысандарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын орындауға байланысты болып отыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова