"Өрт қаупі сақталады". 18 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

"Өрт қаупі сақталады". 18 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: pixabay.com

18 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап. 

10 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай, бұршақ, облыстың оңтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. 10-11 шілдеде облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында 10 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. 37-39 градус қатты ыстық күтіледі. 10-11 шілдеде жоғары өрт қаупі күтіледі.

10 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метр. 10-12 шілдеде облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Өскемен қаласында 10 шілдеде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

10 шілдеде Атырау облысының батысында, оңүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады. 10-11 шілдеде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында 10 шілдеде кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с. 10-11 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

10 шілдеде күндіз Ұлытау облысының басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 10-12 шілдеде облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында 10 шілдеде күндіз 36 градус қатты ыстық сақталады.

10 шілдеде Абай облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде секундына 15-20 метр. 10-12 шілдеде облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Семей қаласында 10 шілдеде жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. 10-12 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.

10 шілдеде күндіз Қостанай облысының басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Қостанай қаласында 10 шілдеде күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

10-12 шілдеде Павлодар облысының солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

10 шілдеде күндіз Түркістан облысының тау асуларында шығыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метр. 10-12 шілдеде облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады. Түркістан қаласында 10-12 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

10 шілдеде Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші секундына 15-20 метр күтіледі. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық сақталады. 10-12 шілдеде Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 10 шілдеде күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. 10-12 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

10 шілдеде күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. 10-12 шілдеде облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

10 шілдеде күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. 10-12 шілдеде төтенше өрт қауіпі күтіледі. Петропавл қаласында 10 шілдеде оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. 10-12 шілдеде төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Астана қаласында 10 шілдеде жоғары өрт қаупі күтіледі. 11-12 шілдеде төтенше өрт қаупі күтіледі.

10 шілдеде күндіз Жетісу облысының орталығында, солтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с. 10-12 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында 10 шілдеде күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.

10 шілдеде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарда екпіні секундына 15-20 метр. 10-12 шілдеде облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

10 шілдеде Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында секундына 15-20 метр күтіледі. 10-11 шілдеде күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде 40 градус қатты ыстық сақталады. Ақтау қаласында 10 шілдеде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі.

10 шілдеде Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15 м/с күтіледі. Күндіз 34-39 градус қатты ыстық сақталады. 10-12 шілдеде облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі. Ақтөбе қаласында 10-12 шілдеде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

10 шілдеде күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, батысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Көкшетау қаласында 10 шілдеде күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. 10 шілдеде жоғары өрт қаупі күтіледі. 11-12 шілдеде төтенше өрт қаупі күтіледі.

10 шілдеде Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында секундына 15-20 метр күтіледі. 10-12 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында 10 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. 10-12 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина