Атырау облысында дала өртінен 15 электр бағаны жанып кетті

Атырау облысында дала өртінен 15 электр бағаны жанып кетті
Фото: AtyrauPress

Атырау облысының Жылыой ауданында дала өртінен 15 электр бағаны жанып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress сайтына сілтеме жасап. 

Бүгін, 9 маусымда Жем ауылдық округінің Қараша елдімекенінде қызыл жалын шарпыған аумақ 5 гектарға жетті.

"Сағат 13:45-тегі жағдай бойынша өрт әлі ауыздықталмаған. "Атырау-Жарық" АҚ тілсіз жаудан 15 электр бағаны өртеніп кеткенін анықтады.Қазір Қойсары, Аққұдық, Тасшағыл елдімекендерінде жарық өшкен. Өрт сөндіруге 2 техника мен 10 адам жұмылдырылған, оның жартысы - еріктілер", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина