ШҚО-да бір күнде екі жол апаты болды: қаза тапқандар бар

ШҚО-да бір күнде екі жол апаты болды: қаза тапқандар бар
Фото: Polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында бір күнде екі жол апаты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

9 шілде күні сағат 11:50 шамасында Омбы - Майқапшағай тас жолының 1247-шақырымында Кенсай және Жарсу ауылдарының қиылысында болған жол апатынан 6 жасар бала қаза тапты.

Тағы бір жол апаты 13:30 шамасында Өскемен - Рахман қайнарлары тас жолының 53 шақырымында болып, салдарынан екі адам қаза тауып, бірнеше жолаушы дене жарақатын алды.

Екі дерек бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина