Түркістан облысында ер адамның құстарға атқан оғы жасөспірімнің басына тиген

Түркістан облысында ер адамның құстарға атқан оғы жасөспірімнің басына тиген

Түркістан облысында құстарды ату кезінде қайғылы оқиға болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

8 шілдеде кешке Қазығұрт ауданындағы ЖШС-нің бірінің егіс алқабында жүзім бағында құстарды ату үшін жалданған ер адамның атқан оғы байқаусызда жасөспірімнің басына тиген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі "Абайсызда қазаға ұшырату" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнына Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің басшылығы, аудан прокуроры мен жедел-тергеу тобы бірден келді. Күдіктіден 12 калибрлі аңшы мылтығы алынды. Сараптама тағайындалды.

Күдікті Сарыағаш ауданының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан