Дефлимпиада ойындарының жүлдегері Ләззат Бақтиярова көз жұмды

Дефлимпиада ойындарының жүлдегері Ләззат Бақтиярова көз жұмды
Фото: Abai News Тelegram-арнасы

Семейде Дефлимпиада ойындарының қола жүлдегері Ләззат Бақтиярова өмірден озды. Бұл туралы сенбі, 8 шілдеде белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Abai News Тelegram-арнасына сілтеме жасап.

Семейлік спортшы дзюдодан түрлі әлемдік турнирлер мен чемпионаттарда Абай облысының абыройын асқақтатты.

Ол Әлем чемпионатының, XXIV Жазғы Дефлимпиада ойындарының және Азия-Тынық мұхиты елдерінің бірінші ойындарының қола жүлдегері болды. 

Облыстық спорт басқармасы Ләззат Бақтиярованың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Бір ай бұрын, 9 маусымда спортшы Семей әкімінің қолынан тұрғын үй қорынан "Қарағайлы" шағынауданындағы жаңа пәтердің кілтін тегін алған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек