Алматы көшелеріне жоспарланған жөндеу жұмысы кейінге қалдырылды

Алматы көшелеріне жоспарланған жөндеу жұмысы кейінге қалдырылды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Алматы көшелеріне жоспарланған жөндеу жұмысы кейінге қалдырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы қалалық мобильділік басқармасына сілтеме жасап.

Ауа-райы қолайсыздығына байланысты Абай даңғылының Тілендиев көшесінен Розыбакиев көшесіне дейінгі бөлігінде 7 шілде сағат 23:00 мен 9 шілде сағат 06:00 аралығында жүргізілуі жоспарланған орташа жөндеу жұмыстары ауа райы қолайлы болғанға дейін кейінге қалдырылды. 

Жол жабу қажеттілігінің болмауына байланысты 8 шілдеде Абай даңғылы бағытындағы маршруттар өзгеріссіз қызмет көрсететін болады.

Жол қозғалысына енгізілген өзгерістер туралы қосымша ақпарат таратылатын болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек