БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тауып, бес адам зардап шекті

Фото: "Мой город"

БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тауып, бес адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, Toyota Camry және Volkswagen Polo көліктері соқтығысқан.

Салдарынан 35 жастағы Toyota жүргізушісі мен 55 жастағы Volkswagen жолаушысы қаза тапты. Тағы бес адам ауруханаға жеткізілді,олардың екеуі - балалар. Тәртіп сақшылары апаттың мән-жайын анықтайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова