ШҚО-да жыл басталғалы бес бала терезеден құлап кеткен

ШҚО-да жыл басталғалы бес бала терезеден құлап кеткен
Фото: elements.envato.com

ШҚО-да жыл басталғалы бес бала терезеден құлап кеткен. Қайғылы жағдай салдарынан екі бала көз жұмып, қалғандары ауыр жарақаттанған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, екі трагедиялық жайт Өскеменде, екеуі Риддерде, бір жағдай Алтай қаласында тіркелді.

Балалар екінші, үшінші және бесінші қабаттардан құлаған. Төртеуі 2021 жылы, біреуі 2020 жылы өмірге келген.

Барлық жайттың себебі - кішкентайлар қараусыз қалып, терезелерге тосқауыл болатын ешнәрсе орнатылмауы.

"Терезе дайындап, сататын фирмаларда қауіпті болдырмауға арналған түрлі құралдар бар. Мәселен, бүлдіршіндердің салмағын көтере алатын құлыптардан бастап, арнайы торлар сатылымда. Маса-шіркей кірмес үшін орнатылатын пластикалық торлар ондайға жарамайды", – деді ШҚО Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Асыл Бигелді

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz