Павлодарда белгілі жаттықтырушы жоғалып кетті

Павлодарда бір айдан аса уақыт бойы бұрынғы жаттықтырушы іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына ілтеме жасап. 

Pavlodarnews.kz мәліметінше, Сергей Курятков 15 мамырдан бері байланысқа шықпай қойған. Vita еріктілерінің айтуынша, хабарсыз кеткен азамат бұрын жақсы жаттықтырушы болған. Қазіргі кезде үйсіз жүрген кезбелердің арасында жүруі мүмкін.

Бойы - 160-170 см. Көздері қоңыр. Сол жақ аяғында айдаһардың суреті бар.

"Іздеушілер Сергей жүруі мүмкін аудандардың біріне бағдарларды жабыстырып шықты. Жергілікті тұрғындар мен өтіп бара жатқан адамдардан сұрастырып, жақын маңдағы дүкендер мен қоқыс полигондарын тексерді", – дейді еріктілер.

Егер де Сергей Курятковтың орналасқан жерін білетін немесе басқа да маңызды ақпарат болса, еріктілердің +7 (747) 615 55 63 (Катерина), +7 (777) 334 82 01 (Светлана) нөмірлері бойынша дереу хабарлауды сұрайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!