Алматыда екі көшеде қозғалыс 9 шілдеге дейін шектеледі

Алматыда екі көшеде қозғалыс 9 шілдеге дейін шектеледі
Фото: elements.envato.com

Алматыда Тілендиевтен Розыбакиев көшесіне дейінгі Абай даңғылындағы қозғалыс екі тәулікке шектелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы қалалық мобильділік басқармасына сілтеме жасап.

Асфальтбетон жабындысының төселуіне байланысты Абай даңғылы бойынша Тілендиев көшесінен Розыбакиев көшесіне дейін күндізгі және түнгі уақытта 7 шілдеде сағат 23:00-ден 9 шілдеде сағат 06:00-ге дейін қозғалыс толығымен шектеледі. Айналма жол Есенжанов, Сәтбаев, Тілендиев, Брусиловский, Тұрғұт Озал көшелерімен қамтамасыз етіледі.

Қозғалысты шектеу осы учаскеде полимерасфальтбетонды қолданумен байланысты. Ол 150-160 С температурада төселеді, қажетті беріктікке жету үшін қоспаны 40 градусқа дейін салқындату керек. Әйтпесе, қоспаның құрамы көлік құралдары жүктемелерінің әсерінен бұзылады, бұл болашақта жарықтар мен колысулардың пайда болуына әкеледі. Жабынды төсеу жұмыстары түнде жүргізіледі, алайда жүргізілетін жұмыстардың сапасының нашарлауын болдырмау үшін бетті салқындату және тиісті қаттылық пен беріктікті жинау үшін орта есеппен 36 сағатқа шыдау ұсынылады. Бұл кезең, әдетте, күндізгі уақытқа сәйкес келеді, бұл қозғалыстың қабаттасуын түсіндіреді.

Айта кетсек, алдыңғы орташа жөндеу жұмыстары осы учаскеде 2012 жылы жүргізілген. Жөндеуаралық мерзімнің өтуіне байланысты жобалау ұйымының (лицензиясы бар) өкілдерімен тексеру жүргізілді. Шұңқырлар, түрлі шөгулер түріндегі ақаулар анықталды, осы жолдың ағымдағы жағдайы туралы техникалық қорытынды жасалды. Осыған байланысты учаске 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына енгізілді.

Бұған дейін Достық даңғылынан Назарбаев даңғылына дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстары аяқталған болатын. Жөндеу бригадалары екі бағыт бойынша жұмыс істейтін болады.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда кейбір автобустардың бағыты уақытша өзгеретінін хабарлаған болатынбыз. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина