"10 минутқа созылады". Петропавлда отшашуға 8,5 миллион теңге жұмсалмақ

"10 минутқа созылады". Петропавлда отшашуға 8,5 миллион теңге жұмсалмақ
Фото: pkzsk.info

Петропавлда отшашу ұйымдастыру үшін мемлекеттік сатып алу өтіп, бюджеттен 8,5 миллион теңге бөлінетін болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Петропавловск.news" басылымына сілтеме жасап.

Облыс орталығында фаер-шоу ұйымдастыруды "Петропавл-Салют" ЖШС қамтамасыз етеді. Ұйым бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының түрлі мемлекеттік мекемелерінде тапсырыс бойынша бірнеше рет отшашу ұйымдастырған. Бірақ бұл тапсырыс ең қымбаты.

Басылым мәліметінше, әңгіме жаңажылдық отшашу туралы болса керек: "Петропавл-салют" ЖШС мен тапсырыс беруші арасындағы келісім-шарттың орындалу мерзімі 2023 жылдың 31 желтоқсаны. Техникалық сипаттамаға қарағанда, қалалық мәдениет үйі тапсырыс берген отшашу кем дегенде 10 минутқа созылады.

"Отшашу саны кемінде - 2375. Барлық отшашуды біріктіріп көрсету уақыты кемінде 10 минут. Отшашу калибрі 1,25-тен 7 дюймге дейін. Көтерілу биіктігі 35 метрден 175 метрге дейін. Эффект саны кем дегенде - 1562", - делінген мердігермен келісім-шарт бойынша құжаттамада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан