Жаздың ыстық күндері қалай арықтауға болады?

Жаздың ыстық күндері қалай арықтауға болады?
Фото: pixabay.com

Жаз арықтағысы келетін адамдар үшін жаңа мүмкіндіктер береді. Артық салмақтан арыламын деп өмір сапасы жайлы ұмытпаңыз: ағзаның жалпы жағдайы және сырт келбетіңіз нашарлап кетпеуі керек. Бір жақсысы, жазда қарын қатты ашпайды. Сол үшін калориясы аз тамақтарға мән беруге болады. Оған қоса, жазда адам терлейді және су көп ішеді. Жазда артық салмақтан арылу үшін тағы қандай әдеттерге мән беру керек?

Су көп ішіңіз

Арықтағысы келетін адамдардың барлығы сақтау керек ереже – сі көп ішу. Суды аз-аздан, бірақ қайта-қайта ішуге тырысыңыз.

Маусымдық көкөністер жеңіз

Жазғы маусымдық көкөністердің калориясы аз және олар дәрумендерге бай. Қияр, шалғам, баялды, кәді және басқа да көкөністерге мән беріңіз. Олар ағзаға өте пайдалы және арықтауға көмектеседі.

Пробиотиктерге мән беріңіз

Сүт-қышқылды өнімдер асқорытуды жақсартады. Асқазан жүйесі саулығын сақтау үшін рационыңызға пробиотиктер қосқаныңызға көз жеткізіңіз.

Кешкі асты қарбызға немесе қауынға ауыстырыңыз

Қарбыз бен қауын шөлді жақсы қандырады және олардың қалориясы аз. Ұзақ уақыт бойы тек оларды жеуге болмайды, бірақ оларды кешкі асқа жеу жақсы идея.

Жаттығыңыз

Қандай мезгіл болмасын жаттығу маңызды. Жаттығу кезінде ағзаға су көп қажет екенін ұмытпаңыз. Өте ыстық күндері далада жаттықпаңыз.

Еске салайық, дәрігер арықтау үшін таңертең қанша уақыт жүгіру керегін түсіндірді.

А. Жапатова