Аптап және жаңбыр. Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Аптап және жаңбыр. Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер Қазақстанның шығыс жартысында нөсер жауады деп болжап отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, алдағы тәуліктерде еліміздің шығыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарына атмосфералық фронтал бөліктер ықпал етеді.

"Нәтижесінде күн күркіреп, бұршақ жауып, екпінді жел соғады деп күтіледі. 8 шілдеде солтүстік-шығыс пен шығыста, 8-9 шілдеде республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады", - дейді метеорологтар.

Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болатыны атап өтілді.

"Осыған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Барлық кезеңде батыста, 9-10 шілдеде солтүстік-батыста, 10 шілдеде Қазақстанның орталығында өте қатты ыстық болады - ауа температурасы 43 градусқа дейін жетеді деп күтіледі", - деп қорытындылады ведомство өкілдері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан