"Неге бізде ережелер қарапайым адамдарға қарсы?" Атырауда әйел мен екі баласын пойызға отырғызбай қойған

"Неге бізде ережелер қарапайым адамдарға қарсы?" Атырауда әйел мен екі баласын пойызға отырғызбай қойған
Фото: © atpress.kz

Атырауда екі кішкентай баласы бар әйелді бір баланың билеті болмағандықтан пойызға отырғызбай қойған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.

Атыраудан Дина Нұрпейісова атындағы станцияға бара жатқан пойызды жөнелту кезінде жанжал шықты. Аға жолсерік Асланбек Байшағаповтың айтуынша, мұндай жағдай жиі кезігеді, бірақ олар тәртіп бұза алмайды, ондай жолаушыларды түсіруге тура келеді.

"Бірнеше рет ескерттік, бірақ бұл қайталана береді. Мен бәрін түсінемін, бірақ бізде тәртіп бар, балалы әйелдің түсуіне немесе билет алуына тура келеді, біз тасымалдау ережесін бұза алмаймыз", - дейді жолсерік.

Әйел кішкентай балаға билет сатып алу қажеттілігі туралы білмегенін айтты.

"Менің балаларым төрт және үш жаста, балалардың біріне билет алу керек екенін білмедім, өйткені жол алыс емес, балалар кішкентай, бәрібір бірге отырамыз. Әрқайсының қасында ересек адам болса, балалардың тегін мінуіне болатынын жолсеріктер айтты. Ал жанымда күйеуім, туыстарым болмаса не істеуім керек. Мен билет алуға жүгірдім, бірақ жоқ, білесіздер, бұл бағытта билеттер үлкен сұранысқа ие, сондықтан перронда қалдық, бізді пойызға жібермеді. Міне, осындай жағдайда не істейміз, неге бізде ережелер қарапайым адамдарға қарсы?" - деп ренішін айтты жолаушы.

© atpress.kz

Бұл ретте ҚТЖ сайты Қазақстанда ата-ана жеті жасқа дейінгі бір баламен, егер ол бөлек орынға отырмаса, тегін жүруге рұқсат етілгенін хабарлайды. Егер балаға басқа орын алуды жоспарласа, оған билет сатып алынады. Бірнеше бала болса, олардың біреуін ғана тегін тасымалдауға болады, егер ол бөлек орынға отырмаса. Балалар билеттері жеті жастан 15 жасқа дейінгі балаларға жарамды. Олардың құны ересектерге арналған билет құнының жартысындай болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан