Антикор басшысының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев алаяқтық жасады деп айыпталып отыр

Антикор басшысының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев алаяқтық жасады деп айыпталып отыр
Фото: Мақсат Қожабаев. © gov.kz

Шымкенттің мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы қала прокуроры, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаевқа қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Elitar.kz сайтына сілтеме жасап.

Сот мәліметінше, құқық қорғау органының бұрынғы жоғары лауазымды қызметкері алаяқтық жасады деп айыпталып отыр.

"М.Қожабаев 2021 жылдың 5 желтоқсаны мен 2022 жылдың 29 қаңтары аралығында алаяқтық жасады, яғни алдау және сенімге қиянат жасау арқылы, алдын ала адамдар тобымен сөз байласып, лауазымды адам бол тұра өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін ұрлау", - делінген айыптау актісінде.

Айыпталушы тарапта тағы бір күдікті Зәкір Ғұламов бар.

"2021 жылғы 5 желтоқсан мен 2022 жылғы 29 қаңтар аралығында З.Ғұламов алаяқтық жасады, яғни алдын ала адамдар тобымен сөз байласу арқылы алдау және сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкін ұрлады және лауазымды адамға аса ірі мөлшерде пара беруге итермеледі", - делінген айыптау актісінде.

Еске салайық, Мақсат Қожабаевты 2023 жылы 9 қаңтарда ҰҚК қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен соталды тергеу аясында ұстаған болатын. Қандай құқықбұзушылық екенін ол кезде ҰҚК жарияламаған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан