ШҚО-да жоғалып кеткен екі адам табылды

Шығыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен екі адам табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жоғалған демалушыларға көмекке құтқарушылар келді. 

6 шілдеде Алтай ауданының құтқарушыларына демалыс базаларының бірінде екі адам Бұқтырма су қоймасы арқылы қайықпен жүзіп, байланысқа шықпағаны туралы хабарлама келіп түскен.

Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу іздеуге кірісіп және Шығанақтағы қарама-қарсы жағалауда жоғалғандарды тауып алған. Адамдар бар қайық демалыс орнына жеткізілді, оларға медициналық көмек қажет болмады.

ШҚО ТЖД демалушыларға еске салады:

  • облыста найзағай, бұршақ және қатты жел туралы дауыл туралы ескерту бар, осыған байланысты мұндай метеожағдайларда қайықпен және басқа да жүзу құралдарымен жүрмеңіз.
  • жүзу құралдарымен жүрген кезінде құтқару кеудешелерінің болуы міндетті.
  • суға шықпас бұрын жүзу құралының жарамдылығын тексеріңіз;
  • қайықты шамадан тыс жүктемеңіз-әр кемеде жолаушылар саны бойынша шектеу бар, осы шектеулерді сақтаңыз.
  • қозғалыс кезінде жүруге немесе қайықтың шетіне отыруға болмайды, сонымен қатар балаларға бұған жол бермеңіз, жолда қолыңызды бортқа шығармаңыз, жүзу құралдарынан секіріп кетпеңіз.
  • балаларды жүзу құралдарында жалғыз қалдырмаңыз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!