Қызылорда облысының 51 жастағы тұрғыны сиыр сойғаннан кейін үстінен кене табылып қайтыс болған

Қызылорда облысында конго-қырым геморрагиялық қызбасынан бір адам көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, Шиелі ауданының 51 жастағы тұрғыны сиыр сойғаннан кейін үстінен бірнеше кене табылған.

Көп ұзамай дене қызуы көтеріліп, өзін нашар сезінген. Реанимацилық шараларға қарамастан оны аман алып қалу мүмкін болмапты. Бұған дейін Жаңақорған ауданында да осыған ұқсас жағдай болған. Ауруханада көз жұмған 77 жастағы аудан тұрғынына конго-Қырым қанды безгегі диагнозы қойылған. Өңірде жыл басынан бері аталған кеселге шалдығуы мүмкін деген күдікпен 23 науқас тіркелген. Оның 8-інен инфекция анықталды. 

"Осы тіркелген жағдайлардың барлығында, тек қана лабораториялық нақтыланған жағдайларда ғана ошақта жұмыс жасамаймыз біз. Барлық күдікті жағдайдың барлығында ошақта мал бастарына, қораларға және жеке науқастың бұйымдарына міндетті түрде қорытынды залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі", - дейді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!