Шығыс Қазақстандағы табиғи өрт оқшауланды

Шығыс Қазақстандағы табиғи өрт оқшауланды
Фото: ТЖМ

Шығыс Қазақстандағы табиғи өрт оқшауланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3 шілдеде Ұлан ауданының Асубұлақ орман шаруашылығы аумағындағы шамамен 20 га алаңда тауларда болған өрт 6 шілдеде сағат 15:10-да оқшауланды.

Бұл аймақтағы отпен күресте авиация баға жетпес көмек көрсетті.

"Қазавиақұтқару" АҚ МИ-8 тікұшақтары, Қорғаныс министрлігінің МИ-171 және ШҚО әуе бөлімшелерінің МИ-8 ұшақтары ауадан өртті сөндірді, барлығы 125 су ағызылды.

Өртті жоюға барлығы 250-ден астам адам, 34 бірлік техника, 5 тікұшақ жұмылдырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина