Павлодар облысында жоғалып кеткен екі бала өлі табылды

Павлодар облысында жоғалып кеткен екі бала өлі табылды
Фото: pixabay.com

Павлодар облысында екі бала суға кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Екібастұз қаласына қарасты Бәйет ауылында болған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 шілдеде Бәйет ауылында 6 және 7-сыныптың екі оқушысы сағат 18.00-де үйден каналға қарай шығып, жоғалып кеткен.

"Жақын жерде ата-аналары мен басқа ересектер болмаған. Балалардың заттары жағадан табылды. Құтқарушылардың күшімен денелері табылып, судан шығарылды", - деді департамент өкілдері.

Шомылу маусымы басталғаннан бері үш адам суда батып кетті.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздығы туралы еске салады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина